11:51, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қытай зымыранға қарсы жаңа қорғаныс жүйесін сынақтан өткізуде
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Қарулы күштері зымыранға қарсы жаңа қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді, делінген ел өкіметінің ресми хабарламасында.

Ресми деректерге сілтеме жасаған ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, жаңа жүйе тек қорғану мақсатына арналған.
Қытайдың наразылығына қарамастан АҚШ Тайванға әуе қорғанысы зымырандарының жеткізілімін бекіткеннен кейін жаңа жүйе сынақтан өткізіліп отыр.