15:41, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қытай зымыраны байланыс жерсерігін орбитаға шығара алмады
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Қытайлық "Чанчжэн-3" зымырантасымалдағышы ақаудың салдарынан дүйсенбі күні индонезиялық байланыс жерсерігін белгіленген орбитаға шығара алмады,
деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Зымыранның алғашқы екі сатысы белгіленген режімде жұмыс істеген, бірақ үшінші сатыдағы ақау Palapa-D жерсерігін орбитаға шығаруға мүмкіндік бермеген.
Мамандар қазір сәтсіз ұшырудың себептерін тексеріп жатыр, дегенмен жерсерік әлі бақылауда және оның орбитасын түзетуге мүмкіндік бар.