Қытайда 1,3 мың бала қорғасынға уланды
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Қытайдың Хунань провинциясында 1,3 мыңнан астам бала қорғасынға уланып қалды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша,
зардап шеккен балалар Хунань провинциясының Вэнпин кентінде орналасқан марганец өңдеу зауытының маңында тұрып келген, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Барлық баланың қанынан қорғасынның шектен тыс қосылымы анықталған. Осы оқиғаны тексеру аясында қытай өкіметі зауытты жауып, оның екі басшысын қамауға алды.
Қытайда бұл - соңғы уақытта орын алған балалардың қорғасыннан улануының екінші оқиғасы. Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басында Шэньси провинциясындағы Чанцин қаласының жанында орналасқан Мадаокоу және Суньцзянаньтоу деревняларында балалар жаппай қорғасынға уланып қалған болатын.