Қытайда 1 млн.-ға жуық адам БАҚ-та қызмет етеді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-да бұқаралық ақпарат құралдарында 1 млн.ға жуық адам қызмет етеді. Олардың 250 мыңға жуығы - кәсіби журналистер соның ішінде, 55,9 пайызы - ер адам. Бұл туралы бүкілқытайлық журналистер қауымдастығының Қытайдағы журналистика саласын дамыту туралы баяндамасында келтірілген.
Қытай - газет шығарудан әлемде көшбасшы. Қауымдастық баяндамасына сүйенсек, елде 1 мың 915 басылым, 48,24 млрд. тиражбен шығады. Оған 44,036 млрд.юань (7,13 млрд доллар) жұмсалады.
Қытайда 153 радиостанция, 166 телестанция, 42 ағартушылық бағыттағы телеарна, 2 207 телерадиостанциясы бар. Оларда 4 199 бағдарлама дайындалып, эфирге шығады, оның 2 863-і радио, 1 336 телерана бағдаралмасы.