15:08, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қытайда 1 мың метр биіктікте шыны көпір салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда шыныдан жасалған жаңа көпір салынды, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай Халық Республикасының Білім күні - ұлттық мейрамы қарсаңында Имэншань (Шаньдун провинциясы) тауындағы Гуймэн ландшафттық саябағында 160 метрлік жаңа шыны көпір ашылды.
Көпірді инженерлер 3D-панельдерден құрастырған. Болат арқандарға бекітілген панельдер теңіз деңгейінен 1000 м биіктікке орналасқан.