Қытайда 100-ге жуық мотоциклші тәртіп сақшыларының учаскесіне шабуыл жасады

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - ҚХР-дің солтүстік-батысында Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының Хотан қаласында бірнеше мотоциклге мінген жастар тәртіп сақшыларының учаскесіне шабуыл жасады.

Қытайда 100-ге жуық мотоциклші тәртіп сақшыларының учаскесіне шабуыл жасады

Шамамен 100-ге жуық адамның бәрі де пышақпен қаруланған.

Сондай-ақ Хотанның сауда-саттығы қызған өзге ауданына 200 адам шабуылдаған. Полиция қызметкерлері жапа шеккендердің санын анықтауға кірісті.