12:28, 26 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Қытайда 130 млн жыл бұрынғы динозавр жұмыртқасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 130 млн жыл бұрынғы динозаврдың тасқа айналған жұмыртқалары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ChinaNews агенттігінің хабарлауынша, 25 желтоқсанда Қытайдың Цзянси провинциясы Даюи ауданындағы құрылыс алаңынан жұмыртқаға ұқсас тастар табылды. Мамандар бұл тас кесегіндегі 30-ға жуық пішіні біртектес сопақша тастар динозаврдың тасқа айналған жұмыртқалары деген қортынды шығарды.
Мәдени ескерткіштерді қорғау қызметкерлерінің алғашқы сараптау қорытындысы бойынша, бұл Овираптор динозаврының бір ұядағы жұмыртқасы. Осы күнге дейін өте жақсы сақталған. Сондай-ақ, мамандар жұмыртқаны шамамен 130 миллион жыл бұрынғы Мезозой дәуірінің Бор кезеңіне тиеселі деген шешімге келіп отыр.