Қытайда 16 метрлік сарқырамаға құлаған ер бала аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда 16-метрлік сарқырамаға құлаған ер бала аман қалды. Бұл туралы The South China Morning Post хабарлады.
Оқиға Гуйчжоу провинциясындағы Бицзе қаласында болған. Есімі айтылмай отырған бала достарымен бірге өзен жағасында жүрген. Секіріп ойнап жүрген ол бір сәтте тепе-теңдікті жоғалтып, өзенге құлап кетеді, іле жылдам ағыс оны сарқырамаға бір-ақ алып барды.
Құлап бара жатқан бала орта жолда судан шығып тұрған тасты қармап ұстап, полицейлер келгенше айырылмаған. Сақшылардың бірі арқанмен балаға жетіп, оны жоғарыға көтеріп алып шықты.