Қытайда 165 адамның өмірін қиған қоймадағы жарылысқа кінәлілерге үкім шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тяньцзинь соты 7-9 қарашада Тяньцзинь портындағы қоймада 2015 жылғы 12 тамызда болған, 165 адамның өмірін қиған жарылыс ісі бойынша сотты ашық түрде өткізді.
Сот жарылысқа жауапты 49 адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Синьхуа.
Қайғылы оқиға Тяньцзиньнің жаңа ауданы аумағында қауіпті заттар толы "Жуйхай" компаниясының қоймасында болды. Бұл апаттан 165 адам қаза тапты, ал 8 адам із-түзсіз жоғалғандар есебінде. Жарылыстан, одан туындаған өрттен тағы 798 адам жарақаттанып, ауруханаға түсті.
Сотталғандар арасында "Жухай" компаниясы басқармасының төрағасы Юй Сюевэй бар. Сот оны екі жылға кейін шегерілуімен өлім жазасына кесті және 700 мың юань айыппұл төлейді.
"Жуйхай" компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Дун Шэсюань, бас директор Чжи Фэн және өзге үш қызметкер 15 жыл мерзімнен бастап өмір бойы бас бостандықтарынан айырылды. Тағы 7 қызметкер 3 -10 жыл аралығында сотталды.
Компанияның бұдан басқа да жауапты қызметкерлері өмірлерінің 1-7 жылдарын темір тордың ар жағында өткізетін болды.