Қытайда 17 ғасыр бұрын әзірленген түшпара табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шыңжаң-Ұйғыр өлкесінде 1700 жыл бұрын жасалған тұшпара табылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
None
None

Тұрпан қаласының маңындағы қазба кезінде археологтар түшпара тауып алды. Үш тұшпара Цинь династиясы кезінде жасалған (265-420 жылдар), қалған екеуі Таң династиясы кезінде әзірленген (618-907 жылдар).

Тұшпаралардың ұзындығы 5 см, көлденеңінен 1,5 см жартылай туған айға ұқсайды. Тексеру барысында тағамның бидай ұны мен еттен жасалғаны белгілі болды.

Қазіргі кезде қытайлар түшпараны табысқа жетелейтін тағам деп санайды. Өйткені, оның пішіні бұрын валюта ретінде пайдаланылған қайық секілді алтын құймаларға ұқсайды.

Соңғы жаңалықтар