Қытайда 17 көлік соқтығысып, 10 адам қаза тапты

ХЭФЕЙ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Кеше, таңғы 6:30-да Нанкин-Лоян магистралінде аяқ асты тұманды бұлттың пайда болуының салдарынан бірінен соң бірі 4 жол апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда 17 көлік соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Бэнбу қаласы Қытай коммунистік партиясы насихат бөлімінен мәлім еткендей, жол апаты салдарынан 9 адам оқиға орнында жан тәсілім еткен, ал бір адам шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде көз жұмған, тағы 7 адам жарақат алды. 17 көлік әртүрлі деңгейде бүлінген. 10:17-де апаттық бөліктерде екі бағыт бойынша да қозғалыс ашылды, 13:30-да тергеу операциялары аяқталып, қозғалыс толықтай қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы қажетті ем-дом алуда, апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасы жатыр.