Қытайда 2, 5 мың жыл бұрынғы қазына - 2 млн. алтын монета табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай елінің аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан ғалымдар өте ежелгі және аса құнды көмбе тапты.

Қытайда 2, 5 мың жыл бұрынғы қазына - 2 млн. алтын монета табылды

Ғалымдарға Хань әулетіне жататын 2 млн.-ға жуық алтын монетаны қазып алудың сәті түсті.

Құнды олжаның жасы шамамен 2,5 мың жыл, ал жалпы салмағы 10 тоннаны құрайды.

Археологтардың пайымдауынша, осыншама орасан сома жергілікті басшылардың бірінің қабіріне жасырылған.

Монеталардан басқа моладан қоңырау, бамбуктен жасалған бұйымдар және арнайы мүсіншелер табылды, деп қосты археологтар.