Қытайда 2000 жылдық жұмыртқа табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Қытайдың оңтүстік батысындағы Гуйчжоу провинциясынан сәрсенбі күні 2000 жылдық жұмыртқа тапқанын жариялады, деп хабарлады Синьхуа.

Қытайда 2000 жылдық жұмыртқа табылды

Провинциядағы мәдени жәдігерлер мен археология институтының зерттеушілері Хуанцзиньвань үйінділерінен Хань әулеті заманынан /б.з.д 202 ж. - б.з. 220 ж./ сақталған жұмыртқа тапты.

"Жұмыртқаны қабығындағы батпақтан тазартуға тырыстық. Алайда шөткенің қылдары тиген мезетте ол жарылды",- деді 2009 жылы анықталған үйінді қазбаларына басшылық ететін Чжан Гайкэ.

Оның айтуынша, бұл Хань және одан бұрынғы Шан мен Чжоу кезеңдерінде жерлеудің түр-түрі болғанын айғақтайды.

"Шан және Чжоу әулеттері басқарған кезде адамдар қола бұйымдармен жерленген. Алайда Хань кезеңінде қайтыс болғандарды күнделікті пайдаланған заттармен қоса жерлеген", - деді Чжан Гайкэ.