Қытайда 21 млн. мұсылман ораза ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айында Қытайда 21 000 000-ға жуық мұсылман ораза ұстады және оларға елдің конституциясына сәйкес кез келген діни рәсімін еркін орындауға рұқсат етілген.
Бұл туралы Сауд Арабиясындағы Қытай елшісі Ли Ченгвен дін ұстанушыларды келе жатқан айт мейрамымен құттықтау кезінде айтты, деп жазады asylarna.kz.
Ол Рамазанда жамағатпен намаз оқудың және қайырымдылық акцияларына қатысудың мұсылмандар үшін өте маңызды екенін түсінетінін мәлімдеді. Қытай Сауд Арабиясымен және басқа да достастық елдермен ынтымақта ету және Таяу Шығыстағы адамдардың хал-ахуалының тұрақтылығы үшін жұмыс істейді, деп түсіндірді елші