Қытайда 3 мыңнан астам құл босатылды
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасында адамдарды құлдыққа сатумен күресу жөніндегі операцияның нәтижесінде 3 мыңнан астам әйел мен бала азат етілді.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, ұрланған адамдарды іздеу шаралары төрт ай бойы жүрген. Операция барысында сондай-ақ, 824 адам тұтқындалды, олардың 15-і - құл сату желілерін ұйымдастырушылар болуы ықтимал, деп хабарлайды Associated Press қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.