Қытайда 330 мыңнан астам адам қалың қардан зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) қалың қар түсуінен 336 мың адам зардап шекті. Бұл туралы жексенбі күні мемлекеттік телеарна хабарлады.

Қытайда 330 мыңнан астам адам қалың қардан зардап шекті

Жергілікті биліктің деректеріне сәйкес толассыз жауған қар салдарынан 82 үй қирап, 500-ге тартасы зақымданған, 28 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары үсіді. Билік экономикалық шығынды 25,6 млн. долларға бағалап отыр.

Табиғи апаттан зардап шеккен өңірдің әкімшілігі бүгін төтенше жағдай жариялады. Бұл шешім тиісті қызметтерді зардап шеккендерге барлық ықтимал шараларды қабылдауды және апат алаңына қажетті жүкті жеткізуді міндеттейді.