Қытайда 5,2 магнитудалы жер сілкінісінен үш адам зардап шекті

БАОШАНЬ. СИНЬХУА - ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысында Юньнань провинциясы Баошань қаласы аумағында 5,2 магнитудалы жер сілкінісі болып, үш адам жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуаға сілтеме жасап.

Қытайда 5,2 магнитудалы жер сілкінісінен үш адам зардап шекті
Photo: ekonomigundemi.com.tr

Олар ауруханаға ем қабылдауға жіберілді. Жарақаттары жеңіл. Жергілікті билік үшінші деңгейлі табиғи апатқа жедел әрекет ету тетігін іске қосып, зардап шеккен аумаққа апаттық-құтқару қызметін шұғыл жіберді.