Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда 5 млн. долларға көзге көрінбейтін көпір салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Хунань провинциясында орналасқан Чжанцзяцзе Ұлттық паркінде көзге мүлдем дерлік көрінбейтін көпір салу жоспарлануда. Бұл туралы The Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Қытайда 5 млн. долларға көзге көрінбейтін көпір салынады

Оның конструкциясы тот баспайтын айналы темірден және шыныдан тұрғызылады. Сәулетшілердің идеясына сәйкес, көпір екі деңгейден тұратын болады: оның үстіңгісінде аяқ астындағы төсеніштер көзге көрінетін болса, астыңғы деңгейде олар мүлдем көрінбейді. Көпірдің құрылысына 5 млн.долларға жуық қаржы жұмсалмақ.



Туристер сондай-ақ тауларда орналасқан үш павильонның бірінде түнеп шыға алады. Олардан айналаны 360 градуста тамашалау мүмкіндігі бар. Көпірдің жанына дәмхана да салу көзделген.