Қытайда 5 мың жылдық жазбалар табылды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында археологтар қытайлық жазу әліппесінің пайда болуы туралы мағлұматты айтарлықтай толықтыра алатын археологиялық фактілерді анықтады.

Қытайда 5 мың жылдық жазбалар табылды

Зерттеушілердің мәліметіне қарағанда, аталған заттардағы бұл жазбалар неолит дәуірінде, яғни бес мың жылға жуық уақыт бұрын басылған.

ВВС-дің жазуынша, бұған дейін Қытайдағы жазбаның ең көне жәдігері ретінде 3,6 мың жыл бұрын жануарлар сүйегіне жазылған таңбалар есептелген.