Қытайда 50-ге жуық жоғары шенді әскерилер қызметтен кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Халықтық-азаттық әскерінің 50-ге жуық жоғары шенді әскерилері жақын арада қызметтен кетеді.

 Қытайда 50-ге жуық жоғары шенді әскерилер қызметтен кетеді

South China Morning Post газетінің оқиғамен жете таныс дереккөзіне сілтеме бере отырып жазғанындай, басшылықтағы мұндай өзгеріс жаңа әскери буынның қызметін өсірумен байланысты.

Сондай-ақ, жоғары шенді әскерилердің қатарында  18 генералдың бар екендігі аталып өтіледі.

Хабарламада айтылғандай, кейбір әскери қызметкерлер зейнеткерлікке шығуларына байланысты қызметтерін доғарады.