Қытайда 52 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда 52 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайда 52 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты

Осы күні Қытайда коронавируспен ауырған 80 565 адам тіркелді. Бір тәулікте 139 адамға өсіп отыр. Ол 0,18 пайыз өсімді құрайды. Қайтыс болғандар саны 3 015 адам. Бұл 3,7 пайыз. Емделіп шыққандар 52 109 адам, яғни 64,6 пайыз болса, стационарларда әзірге емделіп жатқан 25 441 науқас бар«, - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қайтыс болғандардың орташа жасы - 75. Көз жұмғандардың ең кішісі - 48, ең үлкені 89 жаста.

»Әлемдегі 79 мемлекетте 14 747 науқас тіркелді. Тәулік ішіндегі өсім 17 ,2 пайыз. 271 адам қайтыс болған«, - деді Диас Ахметшәріп.