Қытайда 7,6 млрд. долларлық қаржы пирамидасына қатысты істі қарау басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің прокуратурасы 7,6 миллиард АҚШ доллары сомасында азаматтардың ақшасын тартып, алаяқтық схема ұйымдастыру туралы істі қарауды бастады, деп хабарлады бүгін, сәрсенбіде ria.ru Қытай Халықаралық радио агенттігіне сілтеме жасап.
Ақпанның басында ҚХР полициясы Ezubao онлайн-платформасымен ұйымдастырылған схеманы ашты. 2014 жылғы шілдеде іске қосылған платформаны құраушылар оның қызметіне қаржы пирамидасының қағидасын пайдаланған. Алаяқтардан 900 мыңға жуық клиент зардап шеккен. 20-дан астам күдікті тұтқындалды.
Тергеу барысында полиция Ezubao бухесебі кітабында көрсетілген 207 компанияны тексерді, алайда олардың біреуі ғана онлайн-платформамен байланыста болған.
Өз қызметін жасыру үшін Ezubao менеджерлері бухгалтерлік 1,2 мың кітапты Аньхой провинциясында алты метрлік тереңдікке көміп тастаған. Оны қазып алу үшін екі экскаватордың 20 сағат уақыты кеткен.