Қытайда 7 адамды мейрамхана маңында пышақтап өлтірген
ШЭНЬЯН. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – 27 желтоқсан күні таңертең Қытайдың Қайюань қаласындағы (Ляонин провинциясы) мейманханалардың бірінің маңында ер адам 7 кісіні пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Күдіктінің тегі Ян. Оны полицейлер ұстады. Оқиғаны тергеп-тексеру жалғасуда», - делінген ақпаратта.