Қытайда 8 млн.-нан астам адам құрғақшылықтың, ауыз судың жетіспеушілігі салдарынан зардап шегуде
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайда 8 млн.-нан астам адам ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан ауыз судың жетіспеушілігінен зардап шегуде, деп хабарлады бүгін қытайлық БАҚ.
Газеттерде жазылғандай, құрғақшылық Юньнань, Шаньси, Хубэй, Сычуань мен Ганьсу аудандарын басып алды. Құрғақшылықпен және тасқынмен күрес бойынша штаб-пәтердің таратқан мәліметіне сәйкес, 3,64 млн. гектар алқаптағы егін құрыды.
Зардап шеккен аудандарға келтірілген шығынды есептеу мен халыққа көмек көрсету үшін жедел топ жіберілді. Атап айтқанда, ҚХР Қаржы министрлігі зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін 500 млн. юань (800 млн. доллар) бөлді.