Қытайда Airbus 340-300 ұшағының бизнес-класс бөлігінде тышқан жүр деген ақпарат рейсті кейінге қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда «Airbus 340-300» авиалайнерін тәуліктік карантинге жапты. Бұған бизнес-класс жолаушыларының бортында тышқан жүр деген жолаушының сөзі себеп болды, деп жазады «Росбалт».
None
None

«Finnair» компаниясының мәліметінше, экипаж бұған жауапкершілікпен қарап, кемірушіні табу үшін тиісті шаралар қабылдады.

Ұшақтарды карантинге жабу бүгінде Қытайда ғана қолданылады. Airbus 340-300 авиалайнері тексеріліп, ондан тышқан табылмады, деп мәлімдеді компания өкілі.

Соңғы жаңалықтар