Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда ашылған әлемдегі ең биік көпірге «Бэйпаньцзян» деген атау берілді. Ол Юннань және Гуйчжоу провинцияларын жалғастырып жатыр деп хабарлайды ru.euronews.com.
Құрылымның жер бетінен биіктігі - 565 метр, көпірдің ұзындығы 1341 метр.
Нысан құрылысы үш жылға созылды. Көпірдегі қозғалыс желтоқсанға қарай ашылатын болады.
Атап өтер жайт, соңғы жылдары қытайлық инженерлер автомобиль, теміржол, жаяу адамдарға арналған бірнеше көпірді іске қосты.
Мысалға алғанда, тамызда Чжанцзяцзе саябағында туристер үшін әлемдегі ең ірі шыны көпір тұрғызылды. Дегенмен, техникалық түйткілдерге байланысты оны пайдалануға бергеннен кейін небәрі екі аптадан соң қайта жабуға тура келді.