Қытайда әлемдегі ең биік орналасқан халықаралық әуежай ашылды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қытайда әлемдегі ең биік орналасқан әуежайда ұшу пайдалануға берілді. Осылайша, ҚХР елдегі туризмді дамытпақ,

Қытайда әлемдегі ең биік орналасқан халықаралық әуежай ашылды

деп хабарлайды Assotiated Press.

Даоченг Ядинг әуежайы теңіз деңгейінен 4411 метр биіктікте орналасқан. Осыған дейінгі биік салынған әуежай рекорды Тибет автономиясындағы Бангда әуе вокзалына тиесілі болатын. Ол теңіз деңгейінен 4334 метр биіктікте.

Жаңа Қытай әуежайы ұшу жолының ұзындығы 4200 метр және Нью-Йорктегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайындағы ұшу жолынан 242 метрге қысқа.