Қытайда әлемдегі ең ұзын шыны көпір ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда әлемдегі ең ұзын шыны көпір ресми түрде ашылды.
Ұзындығы 430 метрді құрайтын бұл көпір Хунань провинциясындағы Гранд-Каньон ұлттық паркінің үстінде орналасқан және шыныдан жасалған үшқабатты 99 қатты панельден тұрады, деп хабарлайды 24.kz RT порталына сілтеме жасап. Онымен жүріп өту үшін алдын ала билет сатып алу қажет, себебі, мұндай билеттер бір сағаттың ішінде таралып кеткен. Айтпақшы, бұл көпір биіктігі жағынан да рекорд орнатып отыр. Ол жерден 275 метр биіктікте орналасқан.