Қытайда әлемдегі ең ұзын жоғары жылдамдықты теміржол іске қосылды
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайда кеше әлемдегі ең ұзын жоғары жылдамдықты теміржол іске қосылды, деп хабарлады Лента.ру.
Бейжің-Гуанчжоу жоғары жылдамдықты желісін пайдалануға беру 1893 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген қытай көшбасшысы Мао Цзедуннің туған күніне орайластырылды.
Бейжің мен елдің оңтүстігіндегі Гуанчжоуды байланыстыратын темір жолдың ұзындығы 2298 шақырымды құрайды. Сағатына 300 шақырым орташа жылдамдықпен жүйткіген пойыз бұл қашықтықты 35 аялдама жасап, сегіз сағатта еңсереді. Жүрдек пойызды іске қосуға дейін Бейжіңнен Гуанчжоуға тікелей сапар 22 сағатқа жуық уақыт алатын.
Жоғарыжылдамдықты теміржол желісін дамыту қытай үкіметінің ең басты инфрақұрылымдық жобаларының бірі. 2020 жылға қарай елде 16 мың шақырымдық жоғары жылдамдықты магистральдар салынбақ.