Қытайда алғаш рет құрылған қоршаған ортаны қорғау трибуналының төрағасы тағайындалды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қытайдың Жоғарғы соты дүйсенбі күні қоршаған ортаны қорғауға байланысты істерді ғана қараумен айналысатын таяуда құрылған арнайы трибуналдың төрағасы лауазымына Дэн Сюэлинді тағайындады, деп хабарлады Рейтер агенттігі.
Қытайда Қоршаған орта және ресурстар трибуналы екі апта бұрын алғаш рет құрылған еді. Ол экология саласында заң бұзушылықтар көбейіп кетуіне байланысты құрылды. Трибунал міндеті барлық ел бойынша жергілікті билік құрған 134 қоршаған ортаны қорғау сотында осындай дауларды қарау үшін жалпы стандарттар әзірлеу болып табылады.
Айта кетейік, қытайлық заңгерлер көптеген жылдар бойы мұндай талқылауларды бұдан бұрын соттар мүлдем елемегеніне, не дұрыс қарамағанына назар аударып келеді.