Қытайда әлі шығып үлгермеген iPhone-5 105 долларға саудалануда
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қытайлық «құрастырушылар» асығамыз деп саудаға әлі түсіп үлгермеген iPhone-5-ті шығарып қойған, деп хабарлайды Sky News.
Тіпті Купертинодағы Apple штаб-пәтерінде жоқ бұл жаңа туындыны бейжіңдік базарлардың бірінен бүгіннің өзінде сатып алуға болады. Құрылғының ішкі-сыртқы құрылымы әзірге белгісіз, алайда бағасы белгіленіп үлгерген - бар-жоғы 105 доллар көлемінде, деп жазады «Московский Комсомолец».
«Белгісіз хакер Apple-ден телефонның негізгі бейнесін ұрлап алып, желіге орналастырып қойды», -деп мәлімдеді танымал саудагерлердің бірі құралдың сипатын қытайлықтар қайдан біліп қойды деген сұраққа жауап бере отырып. Оның айтуынша, қызметі жағынан жаңа тауар «тура iPhone 5».