Қытайда алты жанкешті лаңкес жойылды
Жарылғыш затпен қаруланған күдіктілердің бірін жергілікті тұрғындар байқаған. Ол жарылғыш затты қоспақшы болған сәтте полиция қызметкерлері келіп жетті.
Тәртіп сақшылары қылмыскерге оның офицерлердің біріне балтамен тап берген кезінде оқ атты. Шахидтер белдіктерін тағып алған қалған бес жанкешті лаңкестер де операция барысында полицейлердің қолынан қаза тапты.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы ШҰАӨ-де бірқатар лаңкестік әрекеттер болып, оның салдарынан кем дегенде 200 адам қаза тапты. Өткен жылдың қазан айында автономиялық өлкеде лаңкестік әрекет кезінде қандай әрекеттерді қолға алу қажеттігі жайында нұсқаулық жазылған кітапша басылып шығарылды.
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Шыңжаңның әкімшілік орталығы - Үрімші қаласында әйелдерге қоғамдық орындарда никаб - әйелдің бетін жауып тұратын, көзге арналған ойығы бар мұсылмандық бас киімін киюге тыйым салынған.