Қытайда алып нәресте дүниеге келді
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Шанхайда туған сәбидің салмағы стандартты көрсеткіштен шамамен екі есе асып түсіп, 6 келі 170 грамды құрады.
Баланың анасы оның салмағының артық болуына тамақтану мөлшері әсер еткен деп санайды. 27 жастағы қытайлық әйел көп мөлшерде жұмыртқа, сүт және жеміс тұтынған.
Канадалық Анна Бейтстің баласы әлемдегі ең алып сәби болып саналады. Оның салмағы 10 келі 800 грамм болған. Бұл жағдай 1879 жылы орын алған еді. Өкініштісі, нәресте дүниеге келгеннен кейін 11 сағаттан соң көз жұмды.