Қытайда аммиактың көп мөлшерде төгілуінен 300 адам уланды, олардың бірнешеуі ес-түссіз жатыр

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қытайдың Хубэй провинциясында аммиактың төгілуі салдарынан үш жүз адам уланып қалды.
None
None

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Оқиға провинцияның тұщы суы бар ірі су қоймасы саналатын Хунху өзеніндегі «Дэянь» су шаруашылығында болды.

Кәсіпорын тоңазытқышты құрылғылар үшін пайдаланатын аммиактың көп мөлшерде төгілуі туралы ақпарат полицияға дүйсенбі күні кешке түсті.

Төтенше жағдай орнына дереу өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері жетті. Кәсіпорынның қызметкерлері шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа көшіріліп, төтенше жағдай аумағы қоршауға алынды. Аммиакпен улану белгілері шамамен үш жүзге жуық адамда байқалды, олардың жүзден астамы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен бірнеше адам ес-түссіз жатыр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум