Қытайда әр жанұяның екі балалы болуына рұқсат беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай коммунистік партиясы отбасыларға екі бала өсіруге рұқсат етеді, делінген партияның мәлімдемесінде.

Қытайда әр жанұяның екі балалы болуына рұқсат беріледі

Үш жыл бойы Қытайда еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыстан қысқартылуы тіркеліп отыр. Сонымен бірге, жасы 60-тан асқан адамдар саны да өсіп келеді. Және бұл ретте жас қытайлықтар «бір отбасы - бір бала» ережесін ұстанып, дүниеге бір баладан артық әкелгісі келмей отыр, деп жазады РИА Новости.