Қытайда әскери-теңіз авиациясының ұшағы апатқа ұшырады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысында Чжэцзян провинциясында өткен бейсенбі күні ҚХР-дың әскери-теңіз күштерінің ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
None
None

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 22:37-де Чжэцзян провинциясының Иу таулы ауданында болған. Әуе кемесі ҚХР ӘТК Дунхай флотының құрамындағы ұшақ жаттығу жұмыстарын жүргізген. Қаза болғандар жайлы мәліметтер жоқ. Оқиға кезінде ұшақ бортында болған адамдар саны әзірге белгісіз. Қазір әуе кемесінің экипажын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар