Қытайда әскери ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньси провинциясында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы "Хуашан ван" интернет-порталы хабарлайды.
Куәгерлердің хабарлауынша, ұшақ ұшып бара жатқанда өртке оранып, алқапқа құлаған. Оның сынықтары түскен жерде от шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды.
Жергілікті полицейдің айтуынша, ұшақ бортында болған екі ұшқыш та қаза тапты.
Ұшақ моделіне, апат себебіне қатысты және өзге де ақпараттар айтылмады, деп жазады ТАСС.