Қытайда ата-анасы дүние есігін ашқан төртемді Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Жичжао қаласында төртем дүниеге келді. Оларды ата-анасы Сяодун (Шығыс), Сяонань (Оңтүстік), Сяоси (Батыс) және Сяобэй (Солтүстік) деп атады.
None
None

Сәбилердің анасы 27 жастағы Ли Цзюань мен оның жары балалы болуды бұрыннан армандаған. Олар отасқалы бірнеше жыл болды, алайда Ли Цзюань бала көтере алмады. Дәрігерлердің нұсқауымен қытайлық дәрілік препараттарды қабылдай бастады. Сөйтіп өткен жылдың қарашасында жүкті болды.

Жүктіліктің тоғызыншы аптасында оларға төртем туатынын айтқан. Сөйтіп 4 шілдеде ,жүктіліктің 33-ші аптасында екі қыз бен екі ұл дүниеге келді.

Олар мерзімінен бұрын туды. Ең кішкентайының салмағы шамамен 1,75 кг болды. Енді шақалақтар бір айдай интенсивті терапия бөлімшесінде болмақ, деп жазды  informing.ru.

Соңғы жаңалықтар