Қытайда атқа мініп серуендеу танымалдылыққа ие болуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында «Нарат» ландшафтық саябағына келушілер арасында атқа мініп туристік серуендеу танымалдылыққа ие болуда, деп жазады Синьхуа.
«Жергілікті шаруалар арнайы кооператив құрып жұмыс жасауда. Олар туристерге өз аттарын мінуге ұсынып және осы арқылы қосымша табыс тауып отыр» - деп жазады агенттік.
