Қытайда әуе шары құлап, оқиға салдарынан үш шетелдік опат болды

АСТАНА.  Қазанның  14-і.  ҚазАқпарат -   Қытайдың  оңтүстігінде  әуе  шары  құлап,  оқиға салдарынан   үш   шетелдік  турист  опат болды, 

Қытайда  әуе шары   құлап,    оқиға салдарынан   үш шетелдік  опат болды

 деп   хабарлайды   ҚазАқпарат  «РИА  «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жергілікті    өкіметтің мәліметтері  бойынша,  оқиға  сәрсенбі  күні   Қытайдың  Гуаньси-Чжуан  автономиялық   ауданының  Гуйлинь  қаласына   жақын   жерде орын алған.   Апат кезінде әуе  шарының  кәрзеңкесінде  бес  адам болған.   Екі адамның   жағдайы  туралы   әзірге ақпарат      жоқ.    Дерек көз сондай-ақ,   қаза тапқандардың  ұлттарын   да нақтыламаған.  Әзірге  оқиғаның себебі мен басқа     мән-жайы  туралы  ешқандай  мәлімет   айтылмай  отыр.