00:38, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Қытайда ауруханадағы өрт салдарынан 4 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Қытайда ауруханадағы өрт салдарынан 4 адам ажал құшты, деп хабарлады Associated Press ресми дереккөздерге сілтеме жасап.
Жалын 200 шаршы метрге жуық аумақты шарпыды. Бір пациент жоғары биіктіктен төмен қарай секіріп, мерт болды, тағы екі ауыр халдегі науқасты басқа жерге көшіруге тура келді, олар сол арада жан тапсырды. Бұдан басқа құтқарушылар өрт орнынан тағы бір мүрдені тапты, алайда оның аурухана емделушісі ме, әлде басқа біреу ме, ол жағы әзірге белгісіз.
Өрт себебін тергеушілер анықтайды.