Қытайда автобус өртеніп, 30-дан аса адамды күйік шалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда автобус өртеніп, салдарынан 30 адамды күйік шалды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, от аяқ астынан тұтанды. Сондықтан жолаушылар автобустан бірден шыға алмай қалды.
Оқиға бүгін Астана уақытымен түскі үштердің шамасында орын алды. Агенттіктің мәліметінше, жолаушылардың бәрі де аман, алайда 24 адам ауруханада хал үстінде жатыр. Қытайдағы соңғы ірі автобус апаты биылғы жылдың 10 сәуірінде орын алған еді. Хайнань аралы Чэнмэй уезінде оқушылар мінген автобус аударылып, 8 адам мерт болып, 30-ы жараланған болатын.