Қытайда автобус өртке оранып, 14 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысында Нинся-Хуэй автономиялық ауданында автобус отқа оранды деп хабарлады Xinxua жергілікті билікке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан 14 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді РБК.
Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.