Қытайда автобус су қоймасына құлап, 11 адам мерт болды, ішінде 8 бала бар
АСТАНА. ҚазАқпарат -Орталық Қытайдың Хунань провинциясында болған жол-көлік апатынан 11 адам қаза тапты, олардың ішінде мектеп жасына дейінгі 8 бала бар.
Бұл туралы 11 шілде күні жергілікті билік хабарлады.
Қайғылы оқиға бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша 17:00 кезінде таулы ауданда провинцияның әкімшілік орталығы Шаңтан қаласының маңында болды. Балаларды әкеле жатқан шағын автобус жолдан шығып кетіп, соның бойында орналасқан су қоймасына құлаған.