Қытайда автобус Янцзы өзеніне құлап, 14 жолаушы қаза тапты

БЕЙЖІҢ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясында екі қабатты автобус Янцзы өзеніне құлап, соның салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 8-і жарақаттанды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігінен.

Қытайда автобус Янцзы өзеніне құлап, 14 жолаушы қаза тапты

Апатқа көлік шинасының жарылуы себеп болды. Соның салдарынан автобус Янцзы өзені арқылы өтетін көпірден 20 метрлік биіктіктен құлады.