Қытайда автобус жардан құлап, 20 жолаушы опат болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Қытайда автобустың жардан құлап кетуі салдарынан кем дегенде 20 адам ажал құшып, 13 адам жарақаттанды.
Апат сейсенбі күні таңертең Хэнань провинциясының Линьчжоу елді мекені маңында жолдың нашар көрінуіне байланысты орын алған. Атап өтілгендей, алыс жолға шығу үшін жалға алынған автобус көлігі жергілікті опера труппасының әртістерін әкеле жатқан. Апат кезінде көлік ішінде 30-дан астам адам болған. Олардың 20-сы көз жұмды, ал тағы 13 адам ауыр жарақаттар алды. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда, ЖКО себептерін тергеу басталды.