Қытайда автобус жарылды: 4 адам қаза болды, 24 адам жараланды
БЕЙЖІҢ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында жолаушылар автобусының жарылуы салдарынан төрт адам қаза болды, 24 адам жараланды.
Оқыс оқиға жексенбі, 5 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 18:40-та Шэньси провинциясына қарасты Вайнань қаласында орын алды. Салдарынан төрт адам опат болып, 24 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды.
Рейстік автобус провинцияның әкімшілік орталығы Сиань қаласынан шыққан болатын.
Жарылыстың себептері әзірге белгісіз. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.