Қытайда автобус жол апатына ұшырап, 21 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай елінің оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында автобус өзенге құлап, қаза тапқан адамдардың саны 21-ге жетті, Синьхуа агенттігі.

Қытайда автобус жол апатына ұшырап, 21 адам қаза тапты

Бұған дейін қаза тапқандар саны 14 адам екені хабарланған болатын.

Оқиға сенбі, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де болған. Автобус жолдан шығып кетіп, Бицзе округіндегі өзенге құлады.

Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Жергілікті полиция болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.