Қытайда автомобиль соққан мыңжылдық ағаш түбірімен қопарыла құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Дамин уезі Хэбэй провинциясында (Солтүстік Қытай) жапондық сопора ағашын (ақмия) қатты жылдамдықпен келе жатқан автомобиль соққан.
None
None

Салдарынан өсіп тұрғанына мың жылдан асқан ағаш сынып, жерге құлады, деп хабарлайды Синьхуа.

Көлік жүргізушісі ұсталды, ағашты құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көргендердің айтуынша, биіктігі 12,5 метр, діңінің жуандығы 3,6 метр болатын жапондық софора жүк автомобилі соққан кезде түбірінен қопарыла құлаған.

Қазіргі уақытта Хэбей ауыл шаруашылығы университетінің мамандары және өзге де ұйымдар ағашты құтқарудың амалдарын қарастырып жатыр.

Тарихи жылнамаға сәйкес, бұл жапондық софора осыдан мың жыл бұрын Сун әулеті кезінде отырғызылған.

Соңғы жаңалықтар