Қытайда аяқ киім фабрикасында орын алған өрт салдарынан 16 адам қаза тапты
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайда аяқ киім фабрикасында болған өрт салдарынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Қайғылы оқиға сейсенбі күні жергілікті уақыт сағат 14:52-де Қытай шығысындағы Чжэцзян провинциясы Тайчжоу қаласының «Дадун» аяқ киім фабрикасында орын алды. Өрт 800 шаршы метр жерді қамтыды, оны сөндіру үш сағатқа созылды.
16 адам өрт құрбанына айналды. Ғимаратта болған 20-дан астам жұмыскер құтқарылып үлгерді.
Өрттің себептері анықталуда.